Тату елде

Бұл бетте «Тату елде» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ертегі

Сенесің бе,
Сенбейсің бе,
Бір купеде,
Көрмейсің бе,
Келе жатыр –
Бас қосқан.
Шүйіркелесіп,
Әңгіме айтып,
Сырласады
«Сіз» десіп,
Бірін-бірі
Енді қайтып,
Торымайды,
Із кесіп…

Сенесің бе,
Сенбейсің бе,
Ит пен мысық
Достасқан.
Бір үстелде,
Көрмейсің бе,
Тамақ ішіп –
Бас қосқан.
Өте жақын
Туыстастай,
Екеулері
Болыпты.
Бірін-бірі
Қуыспастай,
Өштіктерін
Қойыпты…

Қасқыр мен қой
Достасқан.
Сенесің бе,
Сенбейсің бе,
Түлкі,
Тауық
Достасқан.
Жүр далада,
Көрмейсің бе,
Емін-еркін –
Бас қосқан…
Жүруші еді
Бұзып шырқын,
Жемін іздеп
Тауықтан.
Бұл күндері
Қызыл түлкің,
Қойды әдетін –
Жауыққан…

Бәрін, бәрін
Біріктіріп,
Болдырмайтын
Тосын жай,
Тату елде
Біліктілік
Деген, міне,
Осындай…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тату елде өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Тату елде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тату елде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тату елде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері