Өлең, жыр, ақындар

Ғашықтық

Басқалар түсінер ме, өздері де..
Сол мезетте ынтық болдым көздеріңе,
Сен сезімнің отына жалын құштың
Ал мен болсам үн қатпадым сөздеріңе.

Түн ортасы, іздеймін бір өзіңді
Естісем шаттанамын бір сөзіңді.
Қара түнде, жұлдыздарға үңіле
Ай ғана баурап алды бір өзімді.

Көз ілінбей қанша күндер батып жатыр
Шуақсыз, сенсіз таңдар атып жатыр
Шын ғашықтар қосылмайды деседі,
Ұғынғанның жүрегі қатып жатыр.

Ғашықтың тілі тілсіз тіл емеспе?!
Ғашық көздер ең сұлу көз емеспе?!
Махаббат деген не өзі дейсіңбе?
Түсіну үшін керек тек сүю емеспе?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әжем

  • 1
  • 1

Түсіме кірдің, жеткізіп бір сөзіңді,
Сұлу бейнең ешкімге тең келмес.
Менің көздеріммен көрсең, сен өзіңді
Тамсанар ең ажарыңа ешкім елемес.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар