Абай десе қазағым мақтанады – Nazym Boltirik

Бұл бетте «Абай десе қазағым мақтанады» атты Nazym Boltirik жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Абай десе қазағым мақтанады

Абай десем тебіренер ұлы далам ,
Көңілімде әр кезде болар алаң.
Абайды құрметтейді ата-анам ,
Өлеңдерін сүйіп оқыр мен бір балаң.

Абайым өлең сөздің шебері екен ,
Ойларын тереңдіктен тереді екен.
Абай ата өлеңдердің жүйрігіде ,
Қара сөзден бал тамызған шебері екен.

Қыс болып өлеңдері өріледі ,
Көктемде асыл дән боп егіледі.
Өлеңдері жаз күнімен ән салады ,
Қоңыр күзде күй болып төгіледі.

Өлеңдері көңіл сырын ақтарады ,
Өлеңнің қуатымен бақ табады.
Қазақ десе Абайым шаттанады ,
Абай десе қазағым мақтанады.


Пікірлер (1)

Алма

Әдемі өлең

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар