Әуен “Бірінші ғасырға арналған эллегиядан” –
Адонис
Бұл бетте «Әуен “Бірінші ғасырға арналған эллегиядан”» атты Адонис жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кірпігімізге асылған қоңыраулар зарында,
Айтылмаған сөздердің өлімінде өксіген,
Һәм сол сөздің толқынды кеңістігі ішінде,
Балшық кешкен атымен рыцарь бағыт түзейді.
Кеуде тұсым – өлеңім,
Қос жанарым кітаптай.
Сабырыңды ұрлатқан сөз терісі астында,
Көпіршігі көлкіген жарқырауық құтыда,
Сағынышты мұңды әнге елтіп өлген бір ақын,
Өртке оранған дәл осы эллегияны қалдырды...
Көкжиекте қалқыған таңғажайып құстарға,
Шайырларға жыры өзге көздерінде ой көшкен...
BuraNaiman
Аудармашы ақынның есімі кім екен Шерхан ба?