Бөрілердің бесік жырын естимін

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Дауыл тынды. Айқай-шудан түк қалмай,
Ағаштар тұр төбелестен шыққандай.
Дауыл тынды, қары қалды ақ бұйра,
Жерде жатқан бұлттардай.

Қыстың айы – мен туған ай таранып,
Біздің көңіл – қалада да далалық.
Ақ боранның алас-күлес ішінде,
Ойнақ салып жүрген сынды балалық.

Жапандағы жаңғыз үйде ес түйдім,
Әке жыры – көркі еді кешкі үйдің.
Әлі күнге ақ боранның даусынан,
Бөрілердің бесік жырын естимін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бөрілердің бесік жырын естимін өлеңінің авторы кім?

Оңайгүл Тұржан — осы өлеңнің авторы.

Бөрілердің бесік жырын естимін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бөрілердің бесік жырын естимін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Оңайгүл Тұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бөрілердің бесік жырын естимін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері