Қыс – Оңайгүл Тұржан

Бұл бетте «Қыс» атты Оңайгүл Тұржан жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 03.02.2016
  • 0
  • 1
  • 5702
Ішімде де ақ боран,
Сыртымда да ақ боран.
Көңіл-бұлақ ақ табан,
Ол да қатып тоқтаған.
Үсіп өлді үмітім,
бір жаз бойы сақтаған.
Қарға батып дәрменім,
Мұзға қатып дәуренім,
Кәрі қысты тұр-тұрлап,
Оята алмай әуремін,
Шаңқай жаздан адасып,
Жүрген жалғыз сәуле едім.
Қыс пен жазды жалға тіл,
Көктеміңе бар батыл.
Жасыл-желек қай жақта?
Мұнда тау да, тал да тұл,
Өлеңдерде ақ қырау,
Ой ұшында қар жатыр.


Пікірлер (1)

Қоныс

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыс өлеңінің авторы кім?

Оңайгүл Тұржан — осы өлеңнің авторы.

Қыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыс өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері