Қанат қақты – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Қанат қақты» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1398
Күннің көзі, жердің жүзі
Жаралғалы білмеген
Көк жұлдызы, тау шың құзы
Заңды көрдім көрмеген.
Волга, Жайық толқынданып
Талай ғасыр ақса да. Есіл,
Нұра, Сырдария
Жылдар бойы жатса да..,
Біздің таңдай, жаңа заңдай
Бақыт заңын көрмеген.
Халық ұрандай, тау қырандай
Бүгін қанат сермеген.

1937


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері