Қиылыстар мен құйылыстардың кезеңі – Оңайгүл Тұржан

Бұл бетте «Қиылыстар мен құйылыстардың кезеңі» атты Оңайгүл Тұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қиылыстар мен құйылыстардың кезеңі,
Цифрлар бізді көрмей тұрып-ақ сезеді.
Жапырағымен желпіген болып жанымды,
Ормандар менің ой-қиялымды кезеді.

Заманым – осы, мысы басады жаһандай,
Сыртында жүрмін, кіруге әлі бата алмай.
Сезімдер – ол да жат болып, суып барады,
Көпірген сөздің кептелістерінен өте алмай.

Қурайлар өзін құдыреттердей қайта ашып,
Инстаграмның көшелерінде байқасып,
Азаттық үшін қырғындар болған даламда,
Бүгінгі күні брендтер жатыр шайқасып.

Қалаға келсем, әрбір қадамың сынақ-дүр,
Құл-темір тұрар сым-сөздерімен сынап бір.
Далаға келсем, қобызы сынған күйлердің,
ырғағы әлі жылап тұр.

Соларға қарап сан тарау жолды кесе өтем,
Елу жыл өтті, ел жаңа деген – осы екен.
Бүгінгі күні жайнап тұрса да, адамның
Баяғы күнін сағынатыны несі екен?

Қара түндерді қақ жарып өткен оттарша,
Көңілде мына сезімдер гүлдеп, бақ қонса.
Айтар ем мен де сағынышымды жеткізер,
Бір жұтым сөйлем тап болса!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қиылыстар мен құйылыстардың кезеңі өлеңінің авторы кім?

Оңайгүл Тұржан — осы өлеңнің авторы.

Қиылыстар мен құйылыстардың кезеңі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қиылыстар мен құйылыстардың кезеңі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Оңайгүл Тұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қиылыстар мен құйылыстардың кезеңі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері