Сұраймын – Айжан Табаракқызы

Бұл бетте «Сұраймын» атты Айжан Табаракқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Аспан бүгiн қабағын ашпады бiр.
Сiз жайлы ойдың қоса алмай бастарын кiл,
Кештi тағы батырдым... Жаңбырдан соң
Жанарынан шықты ысырып тастады гүл.
Парақтап көңiлiммен күнтiзбенi,
Отырмын...
Түн түсiнер үнсiз менi.
Бiз жаққа Көктем келдi немкеттiлеу –
Сiз жақтан сезiледi Күздiң демi.
Бiр салқындық бет бұрды бiзге демек,
Жүрегiм сыбырлайды үндеме деп.
Жанарыма қарашы осы сəтте,
Айту керек болса егер бiрдеңе деп.
Сеземiн ғой бəрiн де, бiлем, бiлем,
Сонда да күндерiм жоқ күдер үзген.
Өзге жанды ұнатып қалмаса екен,
Кеше менi ұнатқан жүрегiмен...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

СЫБАН Әдемі

Өте керемет өлең

Осы автордың басқа өлеңдері