Бұл бетте «Сен үшін» атты Айбек Бестенқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 07.02.2024
- 0
- 0
- 1031
Сен үшін ақпанмын мен,
Саған ғана сырымды ақтардым мен,
Сәлем беріп келемін атқан күнмен,
Қоштасып кете берем батқан күнмен.
Сен үшін сәуірмін мен,
Сезесің бе сенімен ауырдым мен,
Басқа жанды сүймейді жаным мүлдем,
Кімнен нашар екенмін, тәуір кімнен? !
Сен үшін маусыммын мен,
Сағынамын деп жүріп таусылдым мен.
Әлсін жылап кей кезде әлсін күлгем,
Кейде шықпай қалады даусым мүлдем.
Сен үшін қарашамын,
Менің де бар шығар-ау алашағым.
Бәрін көргім келеді тамашаның,
Бақыт үшін күресем, таласамын!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі