Сен кеткелі
Бұл бетте «Сен кеткелі» атты Айбек Бестенқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 07.02.2024
- 0
- 0
- 1268
Түрім де бұзылғандай сен кеткелі,
Еш кетіп сезімімнің еңбектері.
Аспан өзі күрсініп тұрғанменен
Жұбатуға тырысты жер-көк мені.
Қиын болып кетті ғой сен кеткелі.
Ісімнің де түк емес кері кеткені,
Қинайды өкініштің тербеткені.
Шырылдауын қоймады-ау жаным менің
Сәби сезім секілді жөргектегі.
Қиын болып кетті ғой сен кеткелі.
Мұңменен қапталғандай көл беттері,
Болыппын сезімсіздің ермектері.
Мені алысқа әкетіп бара жатыр
Жалғыздықтың жасаулы жендеттері.
Қиын болып кетті ғой сен кеткелі....
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі