Өлмейтін махаббат – Айбек Бестенқұлов

Бұл бетте «Өлмейтін махаббат» атты Айбек Бестенқұлов жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Ашылса менің қабағым оның қабағы
Жүреміз бақыт тілегін орындап әлі
Жазмышпен жарысамын деп абырой таппаймыз
Жарығым Жаратқанымның қолында бәрі

Ақ құсым, теңіз толқыса жағаға қонба
Қуантшы жабырқағанда санама қон да
Қазірше өзімді өзім жылытып алам
Сағынышымды көмкеріп сары ала тонға

Су құйып үмітімді де өсіремін көп
Сезімнің іздей беремін, сосын емін кеп
Қалқам-ау қайырылсаңшы қатыгез болмай
Жүрегім жылауда әне кешіремін деп

Сен едің өртейтін жанды сөнбеген жалын
Күтуге болады екен ғой пендеден бәрін
Ақ құсым, қолымнан менің ұша көрмеші
Шыр етіп ұшып кеткенше кеудеден жаным.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлмейтін махаббат өлеңінің авторы кім?

Айбек Бестенқұлов — осы өлеңнің авторы.

Өлмейтін махаббат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлмейтін махаббат өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өлмейтін махаббат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері