Қараңғылық қоюланып келеді – Мағжан Жұмабаев

Бұл бетте «Қараңғылық қоюланып келеді» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қараңғылық қоюланып келеді,
Пеш ішінде шоқ ақырын сөнеді.
Қызық көріп жанымдағы жас бала
Сөнген шоқты үреді де күледі.
Шоқ үстінен кішкене ұшқын ұшты да,
Біразырақ шоқ қызара түсті де,
Дереу сөніп, тезірек күлге айналды,
Астындағы ыстық күлді құшты да.
Пеш ішінде шоқ ақырын сөнеді,
Сөнген шоқты үріп бала күледі.
Ой басты ма? Әлде көзім талды ма,
Мөлт-мөлт етіп көзіме жас келеді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері