Өлең, жыр, ақындар

Өмірдің ұлы қаруы

Қадір тұтсаң ана тілді мәпеле,
Ана тілге өзге тілдер жете ме?
Жүрегіңе жол табатын ұялап,
Уа , Ана тіл көтеремін төбеме.
Тілің барда салиқалы туар ой,
Әр сөзіңде жатар маржан біліп қой.
Әлемдегі асылың да, қымбатың,
Туған тілің қымбат кенің танып қой.
Тіл - қаруың өмірдегі қолданар,
Ана тілмен мақтанасың қолда бар.
Жүрегіңнен жарып шықса көркем сөз,
Идеяң мен сезім ойың шыңдалар.
Тіл дәлдігі ойлағанмен сәйкестік,
Жасамайық тілге зұлмат әбестік.
Тазалығын өз тіліңнің сақтасаң,
Шынайы сөз сомдалады жыр есіп.
Жүрек үні - ана тілдің ұраны,
Алғыр сөз бен ақылды ой құрамы.
Кешегі мен бүгінгіні қозғаған,
Тіл - адамның ой білдірер құралы.
Ақ сүтпенен дарыған да - Ана тіл,
өткірлікті үйретем деп жаңа бір.
Шешендікпен аты қалған аңызда,
Жасай берсін туған тілім дара бұл.
Қандай ғажап тіл байлығың кеңдігің,
Тілім барда жоқ қой менің кемдігім.
Салт сананың өнегесі - өзіңсің,
Тілді сыйлау қазақтығым,елдігім.
Толастамас тіл бар жерде күрес те,
Тіл міндеті дәл жеткізу емес пе?
Өнер алды- қызыл тіл деп жар салған,
Бабалардың есімдері тұр есте.
Тіл- халықтың суреті,өрнегі,
Көрінгеннің болмау керек ермегі.
Айқын пікір,түсінік пен көрініс,
Ана тілдің халыққа көп бермегі.
Ана тілім- құламайтын бәйтерек,
Түрлене бер,өсіп - өніп бар тілек.
Лүпілдеген жүрек соғар өзің деп,
Білім кілті- өз тіліңде жас түлек.
Сіңіргенім туған тілім қашаннан,
Жастарымыз туған тілмен жасанған.
Мазмұндылық,жігерлілік бар мұнда,
Туған тілім жасай берсін,хас аман.
Зерек халық сөз саптайды салмақты,
Шеберлілік қазақтарда жан жақты.
Өлең сөзбен сүйсіндірген қазағым,
Туған тілде көңіл күйін сарнатты.
Жылы сөзбен жүрекке жол табатын,
Ана тілім, бағым болшы қонатын.
Асқақтай бер,бәйгі аттай шыңдалып,
Сенсіз менің байыз таппас тағатым.
Туған тілдің ырғағы мен мәні бар,
Өз тілімнің тыныс алар сәні бар.
Тілді білу- түпті тану бауырым,
Тура сөйле, ана тілдің қайталанбас үні бар.
Құлақ салсаң ана тілдің жырына,
Сөз сөйлейсің таңдап дәмін ұғына.
Түркі тектес Қазақ тілім - қадірлім,
Зор талғаммен үңілемін сырыңа.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз