Білінген жұртқа бір бетпен
Бұл бетте «Білінген жұртқа бір бетпен» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Талаптан Ахметжанның рухына)
Білінген жұртқа бір бетпен,
Өмірі жайнап нұрлы өткен.
Дархан даламыз сияқты,
Көз алдымызда тұр көктем.
Күндерін босқа оздырып,
Өтпеген әсте дүрмекпен.
Өзгенің жанын жаралап,
Кезі жоқ көңіл кірлеткен.
Ардақты болған тірлікте,
Қиналмай өмір сүрмек кең.
Ажалы жетсе Аллаһтан,
Шығарар елі құрметпен.
Болсын деп жаның жәннатта,
Топырақ салар бір кетпен.
Жүрекке ұйып иманы,
Амалы серік бірге өткен.
Өлімі де үлгі жақсының,
Ерте ме, кеш пе бір жеткен...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі