Өлең, жыр, ақындар

Сәрсембайдың жыры

  • admin
  • 14.02.2024
  • 0
  • 0
  • 1996
Домбырам басы бал қурай,
Басына қонар бозторғай.
Қалампырлы насыбай,
Насыбайды атпасам,
Ауырар менің басым-ай!
Домбырам менің екі ішек,
Күңіренеді еңіреп.
Мен де бірге күңіренем,
Көзіме ыстық жасым кеп.
Ай, албар-ды, албар-ды!
Сәрсембайда зар бар-ды.
Зардан басқа не болсын,
Шықпаған құр жан қалды:
Бетегелі барқыттай
Белес-белден айрылдым.
Балдан қалған сарқыттай
Күміс көлден айрылдым.
Ай мүйізді ақ қошқар,
Ақтылы қойды бөрі алды.
Шұрқыраған жануар
Жылқыларымды ұры алды.
Ұры алмады, түн алды,
Түн алмады, жын алды.
Жаяу қалдым әйтеуір,
Біле алмаймын кім алды?!
Домбырамның құлағын
Бостау қылып бұрадым.
Жылқымның жөнін сілтеші,
Өркенің өссін, шырағым!
Домбырам менің қарағай,
Қылдың-ау, шіркін заман-ай!
Жат бауыр болған жас шіркін,
Кеткенің бе қарамай?!
Домбырам менің зарлайды,
Зарламайды, қарғайды.
Мен де бірге зарлаймын,
Көзімнен жас парлайды.
Домбырам басы бал қурай,
Қалампырлы насыбай.
Насыбайды атқан соң,
Жазылар менің басым-ай!
Жазылса да бас шіркін,
Тыйылмайды жасым-ай!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір биге

  • 1
  • 1

Ә, биіміз, биіміз,
Түрленіп қапты үйіңіз,
Тым-ақ тәуір күйіңіз.
Байқаймын, мол ғой, тегінде,

Толық

Қазан

  • 1
  • 6

Қазан, қазан.
Сақар мен азан
Мешіт, таяқ,
Құран, арақ...

Толық

Асық иіру

  • 2
  • 1

Сынайын бір сақаны,
Иірейін құрғырға,-
Айттырғанға қалқаны
Толды ма екен он жылға?

Толық

Қарап көріңіз