Шаруа мен қарақшы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1356
Басымызға қайғы бұлты төнгенде,
Құтқарғанға бас июге дайынбыз.
Қиын сәтте шындап көмек бергенге
Жаманшылық жасауымыз жаман-ақ:
Алғысқа шын лайықты
Болып шықса айыпты,
Міне, ғаламат!
* * *
Шаруа мен Батырақ кешкі мезгіл болғанда,
Келе жатты орманда.
Кездері еді пішен шауып оралған,
Үлкен Аю шыға келді тап алдан.
Ойлантып та үлгерместен бас қамын,
Аю бірден Шаруаны бас салды.
Домалатып, бүріп бүкіл кеудесін,
Шаруаның шығарды ол демде есін;
Шалға өлім тақады:
«Степанжан, айналайын, бармысың?» –
Деп Шаруа достың атын атады.
Геркулестей Батырақ жиып алып бар күшін,
Шалға төнген бәленің
Жарты басын шауып түсті әуелі,
Содан кейін айырменен жарды ішін.
Өкіре кеп Аю өліп құлады,
Соңғы демі шыға бір.
Қауіп кетті. Шаруа ұрса сұрады
Не істедің деп мынаны?
Сорлы Степан қалды лезде абдырап,
«Кешір, не үшін?» «Соның үшін, ақымақ!
Мәз боласың не үшін?
Бүлдірдің ғой Аюдың сен терісін!».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шаруа мен қарақшы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шаруа мен қарақшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Шаруа мен қарақшы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шаруа мен қарақшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері