Ана тілі
Бұл бетте «Ана тілі» атты Серікбай Оспанов жазған тіл туралы өлең берілген.
-
admin
- 16.02.2024
- 0
- 0
- 1316
Барлық ойың – Ана тілде,
Абыройың – Ана тілде.
Ақыл, нақыл, ол – өнеге,
Ана тілді қанатым де!
Емірентер тілі Анаңның,
Тебірентер тілі Анаңның!
Құлағанның – қамқоршысы,
Жебеушісі – жылағанның.
Жыры, сыры бұл ғаламның,
Шыңы, шыны бұл ғаламның,
Жаны, тəні Ана тілде –
Əлемдегі күллі адамның!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі