Азамат
Бұл бетте «Азамат» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 16.02.2024
- 0
- 0
- 1022
Шүберек пен су алып,
Қойдым үйді тазалап.
Апам сондай қуанып:
«Болдың, – деді – азамат!»
Жыламап ем
Тіземді
Алғанымда жаралап,
Атам мақтап жүр енді:
«Болды, – деп, – бұл азамат!»
Бос өтпейді əр күнім,
Үйрендім сан өнерді.
Қуантатын барлығын
Азаматпын мен енді!
Азамат – бұл ғажап ат,
Кісі алдынан ол өтпес.
Болғың келсе азамат,
Бəрін үйрен!
Көмектес!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі