Əдеп
Бұл бетте «Əдеп» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жұмсағанда тіл алмасаң,
Тыныш, қарап жүре алмасаң,
Уəдеңде тұра алмасаң,
Айтқан ақылды ұға алмасаң,
Салсаң жылап күнде əлекті,
Дейді сені кім əдепті?!
Бостан-босқа жыламасаң,
Тіленбесең,
Сұрамасаң,
Сыйлай білсең кісілерді,
Жасы өзіңнен кішілерді,
Болғаның ол əдепті!
Көшелерде, дүкендерде,
Күтпегенге, күткенге де,
Танымаған, танығанға,
Сəлем берсең үлкендерге
Болғаның ол əдепті.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі