Желмая

Бұл бетте «Желмая» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Есейіп,
Қорқыт бір күні
Нағашысына келеді.
«Таутайлақтың бұл тұқымы», –
Деп ол бір бота береді.
Үйіне ботаны алып кеп,
Күндіз де, түн де ол баптайды.
«Мықты болары анық!»-деп,
Тіл-көзден қорғап, сақтайды.
Аузына тамақ салады,
Бірге де кейде жатады.
Тірсегі бекіп, табаны
Ботаның əбден қатады.
Не болып жатыр айнала,
Жануар сезіп-біледі.
Соңынан қалмай қайда да
Қорқытпен бірге жүреді.
Жүреді бір күнұзақ,
Қалмайды əрі озбайды.
Көрінбей Қорқыт тым ұзап
Кетсе егер іздеп боздайды.
Танауы оның тесіліп,
Тайлақ боп өскен кезде де,
Серігі қалса кешігіп,
Жоламай қояды өзгеге.

Ешкімді де елеп, бағынбай,
Құнан,
Буыршын шағында –
Секіріп ешкі лағындай
Жүріпті Қорқыт жанында.
Табаны мұздан таймайтын
Жүйрік боп асқан өсіпті.
Ел: «Ұшқан құстан қалмайтын
Желмая ғой бұл!» – десіпті.
Жерде-өзен, көкте-толқып күн,
Көп бопты оған таң қалған.
«Желмая» күйі Қорқыттың
Серігіне осы арналған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Желмая өлеңінің авторы кім?

Серікбай Оспанов — осы өлеңнің авторы.

Желмая өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Желмая өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серікбай Оспанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Желмая өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері