Отанды сүю – Серікбай Оспанов

Бұл бетте «Отанды сүю» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ерте-ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөртеде
Ербол атты ер бопты
Өрнек деген өлкеде.
Өрнекте өмір басқа еді,
Жері құтты,
Жақсы еді.
Елді басып алмаққа
Шығыпты жау əскері:
Ербол жылқы бағатын,
«Тұлпар – дейтін – қанатым!»
Аты зулап ағатын,
Түлкі, қарсақ аулап ол,
Қасқыр соғып алатын.
Қап-қараңғы түнде де
Адаспай жол табатын.
Соққан желмен жарысып,
Ойға, қырға шабатын,
Бір серпіліп қалатын.

Өрнек толы өнерге
Сонда əн-күй, өлең де...
Жаудың қолы Ерболға
– Апар, – дейді – сол елге:
– Өрнекті іздеп келеміз,
Сен білесің,
Сенеміз!
Жол көрсетсең Өрнекке,
Бір қап алтын береміз!
Деді Ербол: – Сенсең де,
Азап,
Мазақ көрсем де
Опасыздық еліме
Жасамаймын өлсем де!
Бар бақытым халқымда!
Сонда абырой, даңқым да!
Айырбастай алмаймын,
Ел-жұртымды алтынға!
От шашады жанары,
Таусылып жау амалы,
Ардақ тұтқан Отанын
Батырға ырза болады.
– Айттың сөздің сен шынын,
Отан – алтын бесігің!
Жол көрсетсең еліңе,
Ашқаның ғой есігін,
Сатылмадың,
Сатпадың! –
Деп жасайды кешірім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Отанды сүю өлеңінің авторы кім?

Серікбай Оспанов — осы өлеңнің авторы.

Отанды сүю өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Отанды сүю өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серікбай Оспанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Отанды сүю өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері