Азиада – Қазақстан – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Азиада – Қазақстан» атты Шөмішбай Сариев жазған отан туралы өлең берілген.

1. Астана – Алматы –
Азиада мерейі.
Қырандар қанаты –
Қазақ елі мерейі.

Қайырмасы:
Азиада алауы
Бейбіт, достық жалауы.
Озсам, бәйгем сен үшін,
Жеңсем, жеңіс сен үшін,
Туған елім!

2. Бар бақыт береке –
Ар, намысым халқымда.
Спорт, бәйге – мереке,
Азиада даңқымда.

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері