Мамам – Серікбай Оспанов

Бұл бетте «Мамам» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

– Болсаң егер жаман,
Ұрсатын кім саған?
– Мамам!
– Болар күнде алаң,
Жанашыр кім саған?
– Мамам!
– Айналайын, балам,
Кім ең сұлу адам?
– Мамам!
– «Боташым» дер саған,
Кім сүйікті адам?
– Мамам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері