Бұл бетте «Көгершінім» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Доспыз біздер қанша жылдан,
Оған күнде шашамын дəн.
Сипалаймын мойынынан,
Аяғының шашағынан.
Маған əбден сеніп болды,
Жалғыз қалсам, серік болды.
Көгершінім сағынған-ау,
Қасыма, əне, келіп қонды.
Зияны жоқ оның жанға,
Ол ереді соңымнан да.
Жолымнан да тосып алып,
Дəн жейді кеп қолымнан да.
Тоңбасын ол жауындарда,
Аман қалсын дауылдарда!
Терезеден еніп қонды ол
Кеудеме мен ауырғанда.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі