Анама
Ақ жаулығың,ар жүгін арқалаған,
Қуанышым,берекем,асыл анам.
Шуағыңмен бойыма жылу беріп,
Арман жүгін алысқа арқалаған.
Ақ жаулығың,аз бейнет көтерді ме?
Түн ұйқыңды төрт бөлдің сәбиіңе.
Ақ сүтіңмен,ақ жүрек қып өсірдің,
Алғыс айтам аналық тілеуіңе!
Ақ жаулығым,анашым,ақылшымсың,
Шырылдаған бозторғайдай дала тылсым.
Қырау шалып барады өмір көші.
Отауымда әр уақытта бастауымсың…
Асыл ана алдымда ардақтымсың,
Таңның нұры,шөберең шуақ болсын!
Немереңнің мерейлі тойында жүр,
Қуаныш пен бақытқа құшақ толсын!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі