«Жамбы ату» – Көмек Ыбрайұлы

Бұл бетте ««Жамбы ату»» атты Көмек Ыбрайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бұған куә сан аңыз,
Қанды қырғын кешегі.
Адуынды бабамыз
Мерген болған деседі.
Қорғамақ боп әскерді ен,
Талай сойқан бүліктен.
Нысанаға хас мерген
Бірінші өзі іліккен.
Ілген тиын – теңгең бе,
Жарау атпен шаңдатып,
Той қызғанда, мергендер
Кірісті іске жамбы атып.
Не қылмақшы өзге ойды,
Етер мерген үлгі өзін.
Нысананы көздейді
Қысып қойып бір көзін.
Бәрін бүгін суретке
Бір-бірлеп мен түсірдім.
Ие олар құрметке,
Өздеріне ұсындым.
Таға алады кім айып,
Білмейтіні әлі көп.
Отыр інім мұңайып,
Соқыр екен бәрі, – деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«Жамбы ату» өлеңінің авторы кім?

Көмек Ыбрайұлы — осы өлеңнің авторы.

«Жамбы ату» өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

«Жамбы ату» өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Көмек Ыбрайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

«Жамбы ату» өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері