«Бәйге»
Бұл бетте ««Бәйге»» атты Көмек Ыбрайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 27.03.2024
- 0
- 0
- 1028
Хас атбегі – дана адам,
Сырын ішке сақтайды.
Сәлден кейін аламан,
Басталады ат бәйге.
Тосқанда өзі құлағын,
Дәл жаныма таяп кеп.
Атамнан мен сұрадым
Ең жүйрік ат қай ат?- деп.
Маңыз беріп өнерге ең,
Деп ұрпаққа азық – ты.
Ұлы Абай өлеңмен
Аттың сынын жазыпты.
Қысып бойын ар – намыс,
Тұлпарларын баптаған.
Қобыланды, Алпамыс
Құртқан жауын қаптаған.
Көңіліңе түй мұны,
Өзгеше сын – сымбаты.
Жүйріктердің жүйрігі –
Батырлардың мінгі аты!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі