Тоғызқұмалақ – Көмек Ыбрайұлы

Бұл бетте «Тоғызқұмалақ» атты Көмек Ыбрайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жүрсе-дағы қой бағып,
Жүрсе-дағы тойда анық.
Қарсы отырып екі адам
Ойнар мұны ойланып.
Құмалақтар басы артық,
Деп аталар «базарлық».
Бар он сегіз атауы,
Және екі қазандық.
Ұтсаң қонар, сірә, бақ,
Қалар ойын ұнап – ақ.
Шахматы қазақтың,
Осы – «Тоғызқұмалақ»!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері