Қазақша күрес – Көмек Ыбрайұлы

Бұл бетте «Қазақша күрес» атты Көмек Ыбрайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Осал жағын көп бағып,
Қарсыласыңды алып ұр.
Мықты біреу шот салып,
Жығып кетер бәрібір.
Күресем деп шығыпсың,
Еңсеңді сен, тұр, көтер.
Алып ұрсаң, жігітсің,
Жердің шаңы «бұрқ» етер.
Ақырын жүр, алданба,
Тәсілі оның бар басқа.
Сәл тікейіп қалғанда,
Сал бәленді жамбасқа!
Айлакер ол,
Байқарсың,
Сүріндің бе, тұрып кет!
Күрес маңы айқай шу,
Ұран, ақыл, үгіт көп.
Әне біреу ән сап тұр,
Әне біреу жар сап тұр.
Палуан да шаршап тұр,
Көрермен де шаршап тұр!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері