Аударыспақ
Бұл бетте «Аударыспақ» атты Көмек Ыбрайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 27.03.2024
- 0
- 0
- 1059
Жарау аттар осқырып,
Тұр тартқызбай шылбырын.
Сом білекті қос жігіт,
Аудармақшы бір-бірін.
Бұлшық еттер кернеген,
Киімдері сөгілді.
Екі жігіт терменен,
Қою шаңға көмілді.
Түсіп ақ тер, көк терге,
Бірі құлап, ат қашып...
Май топырақ беттерге
Жабысады баттасып.
Баса киіп бөркіңді,
Жанкүйер боп барасың.
Құттықтайсың сен кімді
Әй, танымай қаласың!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі