Ұя – Серікбай Оспанов

Бұл бетте «Ұя» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жазда пана етеді
Салып қыран ұясын.
Қырандардың мекені
Білесің тау қиясын.

Жем тасыса қияға,
Қыран қолы – тұяғы.
Қамқор бол сен ұяға,
Бұза көрме ұяны!

Білдің бе енді «Я»-ны?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері