Күн нұрына шомылармын азанғы – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Күн нұрына шомылармын азанғы» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күн нұрына шомылармын азанғы...
Мына іңір алды менің мазамды.
Көше көзі...
Көлік көзі...
Қыз көзі...
Жалыққанмын жарықтардан жасанды.
Қараша үй, далам менің аңсаған,
Сенің ғазиз пейіліңе тамсанам.
Сағындым мен жүректерді сағынған,
Сағындым мен жұлдыздарды самсаған.
Қайда қазір көкшіл бозғыл айлы түн?
Сағындым мен аққулардың айдынын.
Сені көрдім, о, тәкаппар жарықтар!
Көшесінен сол баяғы қайғының.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері