Волхов

Бұл бетте «Волхов» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4273
Долы ағын иіріліп, шұбатылып,
Толқыны тоқсан тоғыз бұратылып.
Шашылған зеңбіректің оттарындай,
Ақ көбік айдынында тұр атылып.
Орыстың қарт өзені көпті көрген,
Қол беріп қоса аттанған кектілермен.
Майданда жапырағын жалын шалып,
Солдатша киініп ап өтті өрден.
Шұбалаң көш тәрізді шұбатылған,
Жыл өтер жылжып ылғи жыл артынан.
Достардың қабырлары тұрар сонда,
Жас торқа топырақпен тыңайтылған.
Арқырап өр толқыны жарын ұра,
Бой бермес жаудың Волхов арынына.
Ертең күн қызғалдақты гүл өсірер,
Қалаулы ұлдарының қабырына.
1942. Волхов майданы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Волхов өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Волхов өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Волхов өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Волхов өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері