Бұл бетте «...көріксіз шәр» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
...көріксіз шәр,
Көршім –
түн,
көңілсіз күйім...
отырмын киіп
жалғыздығымды:
жұқа әм мұңды.
Кесеме бу болып ұшқан кофенің жаны –
түсіріп алдым түнді.
Алайда
жұтылдым бұрышқа –
қарайған,
жарылған...
Тұнық жанымның түсті реңкіне малынған
кірпігіммен
бейнеңді бояймын бостыққа...
Соған алданып:
жастықтан мамық иығыңа –
сағынған,
шаршаған
жанымды сүйеймін,
ұмытып түннің терең екенін,
...таңда жөтеліп оянам,
тас қабырғадан маңдайымды әрең көтеріп...
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі