Бұл бетте «Түн – сақ, тыныш» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түн – сақ, тыныш.
Аңқиды арман.
Жүзіме қар тиді жұмсақ,
қар сүйді нәзік.
Кеберген кітап мүңкиді әріп;
Жазып өлер ме ем...
Сүйіп өлер ме ем...
Бүкір – қою шам көз алмай отыр қардан –
оюдан...
Түн – терең,
түн – ұзақ, алыс...
Таныс аппақ нұр үзілген,
Сыз емген аспан –
мыжылған,
Түсед кепкен – қар:
Қыжылдан ұзап,
кәріптен ұзап,
менен де...
Жауған қар әріпке ұқсап,
Қонады аппақ өлеңге....
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі