Таудан ескен қоңыр леп
Бұл бетте «Таудан ескен қоңыр леп» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Таудан ескен қоңыр леп
Қайыңнан қарағайға секіріп,
сәбилердің иығында аялдап,
сүрініп-талып қара шашыңа әзер дегенде жетіп,
кекіліңді аялап келіп
ақ дидарыңа көтеретін еді,
мен соған жүз жыл, бәлкім ғұмыр бойы қарап тұра беретін бе едім,
шашыңды қайырмағаныңда егер...
Сөйтіп,
ерке леп екеумізден гүлзарға кетті,
ендіге, қалқатай
ұшырып алма жүзіңе қонған әдемі сәтті!..
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі