Бұл бетте «Аспан гүлдеді, онысы – Күн» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аспан гүлдеді, онысы – Күн...
Құс оралды, ескі танысым.
Тал алақанын жайды – жапырақ;
Дұғалары бүрлеп ақырын...
Бәрі де бар – Жар, сүйіктім де,
Бір арманым әлі биікте...
Әр зат, әр реңк өз қалыбы мен
өз мекенін тапқан –
жүрек пен
гүлдерден...
Көктем деп жанымды
қоярға жер таппай,
бояулы
әлемге әзер жеткенде,
Күз боп кеткенің не, аяулы
Өмір?..
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі