Бұл бетте «Күн суыды, суыды нұр» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күн суыды, суыды нұр...
үсіген бе,
жұлдыздарым дірдектеген?..
Қанатының ақ сәулесін жылыта алсам
балапандай жүрекпенен...
Кірпігімнің қағып қалсам қауырсынын –
Ай пердесі тербеледі баяу ғана
өңіріме нұр шашағы есіп өтіп...
Шал жүрісті – жапырақтар жаяу.
Торап.
Гүл жүрісті ару.
Сосын мен –
Теректей қатып қалған...
шашым ғана сыбдыр етед
қарға қонса.
«Дір» етеді сәл жүрек те,
күнтізбемнің жапырағы сарғайғанда...
Гүл де жүрді...
мен де жүрдім...
аспан жүрді...
Мияулады жаппа;
қақпа алдында ақ мысық...
Мазар маңында ит;
тастар үріді...
Көлеңкем тұр, көшем жүрді...
«Өмір дегенің не?» деді таныс құрбым шәйін ұрттап,
«Үсіп қалған гүлге терезеден қарау» дедім «тоңып тұрып…»
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі