Бұл бетте «Терезем алды жанары боталап» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
терезем алды жанары боталап,
іңгәлап жылайды жапырақ – шақалақ.
Бүгін тағы түн шөгіп, зәрреге сіңді...
Маусым, уақытты кешіп келеді,
жапырақтарды қоңыраулатып.
Сәт іші. Түн қасымда отыр. терезе –
Көзім мен көк арасындағы көпір...
Аспан – руханилар дәргахы.
Сол маңнан, бір періште
Аспанның дәні –
Мөлдір тамшыны көтеріп әкеп,
солған жүрегіме құя салса –
жайқалар ма еді, жаным...
Түн сыртымнан ағады баяу,
жүзе алар емеспін, Раббым...
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі