Жалаңаш қоғам
- 0
- 0
Жапырағын қимай жерге шешінді күз,
Ақ көйлегін ары қашып шешінді қыз.
Бұл жалаңаш қоғам менен адамзаттан,
Жинаймын кеп етегім мен есімді жүз.
Бұл бетте «Мұңайма» атты Ардақ Оспанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жапырағын қимай жерге шешінді күз,
Ақ көйлегін ары қашып шешінді қыз.
Бұл жалаңаш қоғам менен адамзаттан,
Жинаймын кеп етегім мен есімді жүз.
Қаланың мынау мінезін бөтен аңғардым,
Ауылдың қара баласы едім аңғал тым.
Үлкен шаһарда кішкене жүрек соғады,
Сезбейді соны, сезбейді неге!?
Мені тағы ұйықтатпады қинай мұңым,
Дос боп отыр жалғыздыққа қимай түнім.
Мына әлем қаншалықты кең болғанмен,
От жүрегім соншалықты сыймайтының...
Сынық Аймен сырласады қайың жалғыз,
Суық маңнан біз кетеміз, дайындал, қыз.
Орамалмен қара түсті оранған бұлт,
Сары, қоңыр теңіздермен шайылған күз...
Жүректердің тас екенін сезініп,
Қара кеште қалдым тағы езіліп.
Ағынына қарсы жүзіп заманның,
Кетіп барам...
Жылады, жас жүрек жылады,
Сөнгендей кеудемде шоқ үміт.
Құлады, от жұлдыз құлады,
Қап-қара аспанға шомылып.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі