Өлең, жыр, ақындар

Туысып кетті жырымыз

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

(Орыс ақыны Владимир Цыбинге)

Кең даламды кезем көп
Гүл мен толқын ағылған.
Сонда жылы сезім кеп,
Москваны сағынам.
Сергітеді астанам
Лебіндей көп досымның,
Сенсің жақын басқадан,
Туыс үнмен қосылдың.
Достық даусы дүбірлі,
Толғаған күн-түнімен.
Менің қазақ жырымды
Бердің орыс тілімен.
Үндес сенің әуенің
Өзбек, қырғыз, тәжікпен.
Сол жырларды жебедің,
Ұлы сөзбен жазып сен.
Мен де саған бейіммін,
Ынтымаққа беріксің.
Біздерге кең пейілің,
Кеудесіндей орыстың.
Өлең ұйтқып көңілде,
Бірге өтуге асығам,
Сәлем беріп Ленинге
Мавзолейдің қасынан.
Кезіктірем, шын дос көп,
Саған таныс, маған да.
Жүз жұртпенен үндесем,
Ұлы Қызыл алаңда.
Көмек беріп бауырға
Кеңейттік жыр әлемін,
Қазақша боп ауылда
Сенің де жүр өлеңің.
Көктем көлбеп жерімде,
Жарқырады шағыл күн.
Москваны, сені де
Кереметтей сағындым.
Бабам аңсап нұр күнін,
Бәрін барлап алыстан,
Қос ғасырдан көп бұрын
Россиямен табысқан.
Жақын түгіл жатыма
Құйылады шалқып ән.
Кел, жырыңды оқуға,
Тойға сені шақырам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туысып кетті жырымыз өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Туысып кетті жырымыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Туысып кетті жырымыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалижан Бекхожин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туысып кетті жырымыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері