Өлең, жыр, ақындар

Саясы жоқ бəйтерек

  • admin
  • 09.08.2024
  • 0
  • 0
  • 1236
Саясы жоқ бəйтерек
Саздауға біткен талмен тең.
Жақсы ағаңыз бар болса,
Алдыңда сары белмен тең,
Ағайының көп болса,
Ұлық бір шеру қолмен тең.
Ақылсызға сөз айтсаң,
Алды бір тұйық жармен тең.
Молдадан сабақ алсаңыз,
Алуа, шекер балмен тең.
Пайдасы жоққа жалынсаң,
Семіз бір жемқор малмен тең.
Жақсы қатын алсаңыз,
Алланың жауған нұрмен тең.
Жаман қатын алсаңыз,
Маңдайға біткен сормен тең.
Уайымшыл жігіттің
Кең дүниесі тармен тең,
Уайымсыз жігіттер
Қара бұлан нармен тең,
Жетесі жаман жігіттер
Тоқсандағы шалмен тең.
Жаманнан көрген қорлығың
Көкірекке біткен шермен тең.
Бір қалған соң көңілің
Қаңтарда қатқан мұзбен тең.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әйел туралы

  • 0
  • 0

Әйел туралы
Қарауыл қана дейтін бір қатын болады:
таңертең тұрады,
Шал Құлекеұлы

Толық

Шалыңның екі көзі жайнап жатыр

  • 0
  • 0

Шалыңның екі көзі жайнап жатыр,
Кеудемде нəпсі шіркін қайнап жатыр,
Байлаулы арқаным жоқ, қазығым жоқ,
Шал Құлекеұлы

Толық

Жігіттер, жаман істі әдет етпе

  • 0
  • 1

Жігіттер, жаман істі әдет етпе,
Досыңды бірге жүрген басып өтпе.
Басыңа әлде қандай іс түскенде,
Шал Құлекеұлы

Толық

Қарап көріңіз