Өлең, жыр, ақындар

Жігіттер, жаман істі әдет етпе

  • admin
  • 27.08.2024
  • 0
  • 1
  • 4512
Жігіттер, жаман істі әдет етпе,
Досыңды бірге жүрген басып өтпе.
Басыңа әлде қандай іс түскенде,
Дос түгіл дұшпаныңда қашар шетке.

Жігіттер мал басым көп демеңіз,
Киім көп, тамағыңыз тоқ демеңіз.
Дәуіттің отыз ұлын бір күнде алған,
Біздерге діле-қаза жоқ демеңіз.

Жігіттер жалған дүние бізден қалар,
Бір күні ажал келіп жаныңды алар.
Жан шығып бұл өмірден кеткеннен соң
Мал-мүлкің, әйел-балаң-бәрі қалар.

Өлімнен құтылмайсың қашсаң-дағы.
Атадан арыстан туып ассаң-дағы.
Алладан шыныменен жарлық келсе,
Жұлдыз да жерге түсер аспандағы.

Жігіттер, ғибадат қыл, маған нансаң.
Намаз оқы, Алланы ойыңа алсаң.
Қырық жыл ажалдан қашқан Қорқыт та өлген,
Түбінде сөз сенікі, өлмей қалсаң.

Кәрі өлсе соққан ауыл тынғандай-ақ,
Жас өлсе, бәйтерегің сынғандай-ақ.
Жігіттер жас күніңде тәубаңа кел,
Бұл дүние көзіңді ашып-жұмғандай-ақ!!



Пікірлер (1)

Қайрат

Не деген терең мағыналы сөздер. Өкінішке орай, отарландыру саясатының “ жемісі” дүбараланған саналар Шал ақын бабамыздың өсиетін бұрмалап: “ Жігіттер жас күніңде тәубаңакел” жолын “ жігіттер жас күніңде ойна да күл”деп өзгертіп, қиянат жасап жүр. Жетесіздік, надандақтың шектен шыққаны соншалық, ақынның авторлық мәтінін дұрыс бергенлрге жала жауып, “. Бұлар өз беттерінше дұрмалап, өзгерткен” деп, дау көтеру де. Нонсенс, абсурд. Сайттың игілікті істеріне сәттілік, береке тілейміз.

Пікір қалдырыңыз

Қона берсе, жерің азар

  • 0
  • 0

Қона берсе, жерің азар,
Шаба берсе, елің азар.
Жасай берсе ерің азар.
Ерің азған кезінде елің азар.

Толық

Бір байдың жалғыз баласы өлгенде айтқаны

  • 0
  • 0

Жарға біткен жаңғақты
Жаннан безген жан жейді.
Қабырғадан саз кешіп,
Жүк сүйреген нар жейді.

Толық

Тоқтыны ұстауға шамасы жетпегенде айтқаны

  • 0
  • 0

Бір жаста, екі жаста бесіктемін,
Бес жаста тәңірім берген несіптемін.
Алты жаста қайыңның тозындаймын,
Жеті жаста ойпаң жер бозындаймын,

Толық