Ашу – дұшпан болғанда, нəпсі – жауың
Бұл бетте «Ашу – дұшпан болғанда, нəпсі – жауың» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 09.08.2024
- 0
- 0
- 1293
Ашу – дұшпан болғанда, нəпсі – жауың,
Ақыл – тұрған алдыңда асқар тауың.
Жүрекке ашу келіп толған шақта,
Денеңнің біле алмассың ауру-сауын.
Ойласаң мың бір пəле тілден туған,
Шешендер топ ішінде тілді буған.
Бір адам қателікпен сөз сөйлесе,
Жабылып мың бір пəле соны қуған.
Жігіттер, жау алмайды ақылдасаң,
Білгішке көп білетін жақындасаң.
Қарап жүрген кісіге адам тимес,
Сабыр қып, өз бойыңды мықты ұстасаң.
Жақының жат болады алыс болса,
Жат та жақын болады таныс болса.
Сыртыңнан жаман туыс табалайды,
Аяғың бір нəрседен шалыс болса.
Əйтсе де жақсы туыс шыдамайды,
Бір жерде айғайласқан намыс болса.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі