Біреудің баласы өлгенде айтқан жұбату – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Біреудің баласы өлгенде айтқан жұбату» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Уа,
Қуаныш қайғыменен жұбай дейді,
Үнемі қуанбассың ұдай дейді,
Пəлеме риза, қазама сабыр етпесең,
Бір алла қаһарланып былай дейді:
«Қолына мылтық алып атсын, – дейді
Болмаса қылыш алып шапсын, – дейді,
Пəлеме риза, қазама сабыр етпесе,
Менен басқа құдайды іздеп тапсын», – дейді.
Уа,
Олай болса, құдайды атпақ қайда
Қылыш алып, найзамен шаппақ қайда.
Пəлесіне риза, қазасына сабыр етпей,
Жер мен көктің арасынан шығып кетіп,
Басқа бір құдайды іздеп таппақ қайда!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері