Тыналы Тышқанбайдан алдым жетім – Жанақ Қамбартегі

Бұл бетте «Тыналы Тышқанбайдан алдым жетім» атты Жанақ Қамбартегі жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тыналы Тышқанбайдан алдым жетім,
Өкпеледім, Қопаның көрмен бетін.
Малдыбайдан алғаным – маңқа жирен,
Көкшетаудың сыртында жетім етін.
Қорыс бір ат болғанда, Сапақ тоғыз,
Ондай –мұндай тоғызды алған қобыз.
Елінкенің шапанын сұрай беріп,
Тəшкент көшіп келіп пе мұндар қобыз!
Манан бір ат болғанда, Тотыр бір ат,
Доспанбеттен алғаным – жалғыз сұр ат.
«Алып алты, жеп жеті болмайды екен»,
Алды деген Жанаққа о да бір ат.
А, жігіттер, жігіттер, дəт қылыңыз,
Қылыш берген көк дөнен ат қылыңыз.
Аңғал берген көк шекпен тым-ақ жаман,
Жыртып-жыртып қозызға қап қылыңыз.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері