Жанақтың төрелерге айтқандарынан – Жанақ Қамбартегі

Бұл бетте «Жанақтың төрелерге айтқандарынан» атты Жанақ Қамбартегі жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Абайділдə, келемін бес жыл жайлап,
Бес жорғасын арыттым босқа байлап.
Алып берген сұлуың өліп қалып,
Бір жаманмен барамын бармақ шайнап.
Жіп буындым беліме белбеусізден,
Қалың беріп, қыз алдым көргенсізден.
Көргенсіздің бір қызын аламын деп,
Əділ басым жүдеді-ау тергеусізден.
Абайділдə, сұлтаным, ақ дөңбексің,
Əбілпейіз, Жəнібек, малға еңбексің.
Жас күніңде Қашқынбай жақсыда едің,
Əбілқайыр өлген соң төмендепсің.
Абайділдə төреміз хан төре екен,
Өз енесін өзі ұрған қар төре екен.
Бұ дүниеде енесін ұрып салып,
Ақыретке барғанда қайтеді екен?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері