Ат дейтін ат жоқ менде, атым – Түбек
Бұл бетте «Ат дейтін ат жоқ менде, атым – Түбек» атты Түбек Байқошқарұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Байғараның он жеті ақыны бірімен-бірі қалжыңдасып, сынасып айтыса береді екен. Ақтайлақтан соңғы күштісі Сабырбай болыпты да, өзгелері одан өлеңге артыла алмапты.
Сол туралы Түбек:
Ат дейтін ат жоқ менде, атым – Түбек,
Байғарадан шығып ем аттай үдеп.
Байғарадан шығып ек он жеті ақын,
Сабырбайды жеңе алмай жүрмін жүдеп.
Домбыра екі ішекті, бір тиекті.
Аулыңа Түбек деген ақын кепті.
Ақынның өзі кетсе, өлеңі бар,
Бозбала, үйреніп ал, аузың епті.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі