Бұл бетте «Атыңнан айналайын, Қосекем-ай» атты Түбек Байқошқарұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түбек ақын ел қыдырып, өлең айтып, күн көретін ақын болған екен. Бір жылдары өрдегі елді аралап жүріп, 96 жасқа келген Қаракерей ішіндегі Қосы деген білікті адамға өлең айтам деп іздеп барыпты. Түбек барса, қария əл үстінде жатқан ауру екен. Қарттың хал-жайын сұрай отырып, Түбектің айтқаны:
– Атыңнан айналайын Қосекем-ай,
Пайғамбар бір Алланың досы екен-ай.
Тоқсан алтыда ақылың жаңылмаған,
Əулиенің сарқыны осы екен-ай, –
дегенде, қария иегін қағып, қолын сілтеп: «Енді айтпай-ақ қой, болады», – деп ишара қылады. Түбек өлеңін тоқтатыпты, сый, тарту-таралғымен қайтыпты.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі